Біз сіздерге пиар мен пиаршылар туралы бар шындықты айтайық деп шештік.
PR-дағы жұмыс қандай, шын мәнінде пиаршылар деген кім, оларға қандай қасиеттер тән, олар туралы нағыз шындыққа жанаспайтын әңгіме қайсысы?
Пиаршы – көңілді кештерден қалмайтын адам
Күндіз кездесулер, кешке көңілді думан, бір секунд тыныштық жоқ, үнемі қозғалыс деп ойлайсыз ба? Шын мәнінде, пиаршы жұмыс күнінің 60% немесе одан да көп бөлігі ноутбуктан бас алмаумен өтеді, хаттар-хабарламалар-қоңыраулар, жаңалықтар мен мақалаларды жазу немесе мұқият оқу, ақпараттарды, инсайдттарды, зерттеулерді және т. б. талдау деген шаруалары бар.
PR – қиын жұмыс емес
Ал шындығында, пиарда әрдайым күрделі әртүрлі міндеттер бар, бұл жұмысты қиын емес деуге аузымыз бармайды. Пиаршы қолы көп Шива іспетті – стратег, копирайтер, талдаушы, мониторинг маманы, ментор, кеңесші, жаттықтырушы, спикер және тағы басқалары.
Пиаршылар – өтірікшілер
Пиаршы туралы ең көп тараған таптаурындардың бірі – олар өтірікші, олар өз өнімдерін алға шығару үшін бәріне барады және фактілерді жиі бұрмалайды. Бірақ шын мәнінде олай емес. Нағыз кәсіпқойлар адалдықты ар-намыс атрибуты және табысқа жету факторы деп санайды, өйткені бір рет өтірік айтамын деп аудиториясының сенімін жоғалтып, сосын оны ешқашан қайтарып ала алмау қаупі бар, ал одан компания және оның беделін құриды.
Пиаршылар тек ірі компанияларға ғана керек
Тағы бір аңыз. Пиаршы мөлшері қандай екеніне қарамастан, кез-келген компанияға пайдалы болуы мүмкін. Оған жарқын мысал – стартаптар, тиімді байланыс орнатудың арқасында стартаптар жарқын жетістікке жылдам жете алады.
Пиаршылар – гуманитарлық бағыттағы мамандар
Шын мәнінде, пиаршы жұмыста тек креативті және керемет мәтіндер жазып қана қоймай, сонымен қатар үлкен көлемдегі ақпаратты талдай білуі, аудит жүргізуі, мәліметтер жинауы және т. б. жасай алуы керек. Ал біз сияқты IT саласында жұмыс істеу бақытына ие болғандар қаншама технологиялардың ішінде даму қажет:)
Сондықтан пиаршы – гуманитарлық және технарь қабілеттерін оның логикалық және математикалық пайымымен қатар алып жүретін адам.
Пиар өлшеусіз
Көптеген адамдар пиардың тиімділігін өлшеу мүмкін емес деп санайды. Біз олай ойламаймыз. PR-ды өлшеуге болады және өлшеу қажет. Мына жерде ол туралы егжей-тегжейлі айтылған.
Пиаршы маманы жақында жойылады
Бұл тақырыпқа бізде керемет анекдот бар:
Пиаршыдан жұмысқа оралуын сұрайды.
Ол:
- Ал, СhatGPT жұмысты атқара алмады ма?
Оған жауап:
- Атқара алды, біз оны аккаунттың директоры қылып тағайындадық, енді пиаршы қажет.
Нейрондық желілер көптеген пиар-тапсырмаларды орындай алатын сияқты көрінеді, иә, олар мақала жаза алады, сурет жасай алады, тіпті стратегия құра алады. Сондай-ақ, мұның бәрін керемет жасауға олардың қабілеті жетеді!
Бірақ олар негізгі нәрсені жасай алмайды – жүйелі күрделі тапсырманы тұжырымдау, оны орындаушыға қою, әртүрлі қаптаған тапсырмаларды синхрондау және нәтижені бағалау міндетін атқара алмайды.
Әзірге... Әрі қарай не болатынын уақыт көрсетеді.
Корпоративтік блогты дамытуды кәсіпқойларға тапсырғыңыз келе ме? - бізге өтінім жіберіңіз welcome@itcomms.io
Мақала ұнады ма? - оны әріптестеріңізбен бөлісіңіз.